Жергілікті билік не істеп отыр? Мемлекет басшысы кеше өткен мәслихат депуттарының республикалық форумында ауыл-аймақтан Астанаға келіп түсетін арыз-шағымдардың күрт көбейгенін айтқан еді. Былтыр өңірлерден Президент әкімшілігіне 83 мың өтініш келген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек деп, атқа мінерлерді сынға алды. Өйткені шағымдардың басым бөлігі жергілікті деңгейде шешуге болатын мәселелер деді. Президент мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жететін де еске салды.