Бүгін Тараз қаласында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығына арналған «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеуі өтті. Зияткерлік додаға өңірдің әр ауданынан іріктеліп келген 10 оқушы қатысып, ақын мұрасын насихаттау додасында бақ сынады.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын кеңінен танытып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздері мен философиялық ой-толғамдарын талдап, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.