«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының Жамбыл облыстық филиалы жиын өткізді. Филиал басшысы Асқар Қадырқұлов 15 наурыздағы республикалық референдум туралы сөз қозғап, өңірдегі учаскелерде қоғамдық бақылау жүргізілетіні туралы атап өтті. Бақылауға «Дауыс» қоғамдық ұйымы және «Жастар-зерттеу» бірлестігінің өкілдері қатысады.

Жалпы алғанда, екі ұйымнан мыңға жуық байқаушы жұмыс істейді. Дайындық аясында 19 ақпаннан 12 наурызға дейін 30 оқу семинары өтті. Семинарлар Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласында ұйымдастырылды. Оларға шамамен 1300 бақылаушы қатысып, арнайы сертификаттар алды. Облыс бойынша 513 референдум учаскесі бар, оның 21-і жабық. Қоғамдық байқаушылар 492 ашық учаскеде бақылау жүргізеді.