Референдум мерекеге айналды. №43,44 референдум учаскесінде ақ жаулықты аналарымыз ауылдың алты ауызын айтып, шашу шашты. Сондай-ақ келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыру мақсатында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ата салтымызда шашу рәсімі қуаныш пен жақсылықтың белгісі саналатыны белгілі. Еліміз тыныш, ырысы мол болсын деп кимешек киген әжелер дауыс берушілерді ерекше атмосферада ән айтып, шашу шашып қарсы алуда.