Республикалық референдум барлық аудан ауылдарда да өз жалғасын тапты. Дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауын еркін білдіруіне барлық қажетті жағдай жасалған Меркі ауданында да дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылды.
№275 референдум учаскесі жұмысын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашты. Учаскеде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай өтіп жатыр. Комиссия мүшелері сайлаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, референдумның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.