Жәрмеңкеге барасыз, қалаған азық-түлікті, төмен бағаға аласыз. Бүгін Таразда ауыл шаруашылығы өнмідері жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Рефрендумға барған тұрғындардың біразы жәрмеңке аралап мәре сәре болысты.
Мәселен, картопты қара базардан 200-230 теңгенің аралығында алсаңыз, жәрмеңкеден келісін 160 теңгеден табасыз. Үйдің жұмыртқасы 70, қанттың килосы-365, 1-ші сұрыпты ұнның орташа бағасы 185 теңгеден саудалануда. Табиғи таза бал өнімдері, сүт, айран, сүзбе, қаймақ сынды ағарғанды арзанға аласыз.