Облыстық «Жамбыл» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева да №498 учаскеде дауыс берді. №494 учаскесінде 2352, ал №498 –ші учаскеде 2404 адам тіркелген.

Учаске аумағында париоттық рухты әндер орындалып, Әулиеаталық жастар ұлттық ойындарды ұлықтап жатыр. Жалпы жамбылда 15 мыңнан аса жасқа бүгін алғаш рет дауыс беру бұйырып тұр. Сондай-ақ, жоғарыда аталған референдум учаскелерінде саяси маңызды науқан заң талаптарына сәйкес өтуде.