Халықтың дауыс беру барысын партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері де жіті қадағалауда. Байқаушылар әзірге ешқандай құқық бұзушылық анықталмағанын айтады. Адамдардың көңіл күйі жақсы, біразы дауыс беруге отбасымен бірге келуде. Белсенділік бар.

Бүгінгі саяси науқанға ұлттық киіммен келген Тимофей де қатардан қалмай, отбасымен бірге өз таңдауын жасады. Наурыз мейрамын ерекше жақсы көретін ол референдумның Қайырымдылық күнімен қатар өтіп жатқанын жақсылыққа балайды.