Аудан ауылдардағы ағайын да өз таңдауын жасады. Шу ауданында 45 референдум учаскесі қызмет көрсетті. Ал, Қордай ауданы бойынша 58 референдум учаскесінде тұрғындар өз дауыстарын беріп, ел дамуына үлестерін қосты.

Шу ауданында жалпы халық саны 105 510 адамды құрайды. Олардың 63 198-і дауыс берушілер. Оның ішінде 27 323 тұрғын Шу қаласында, ал 12 243-і Төле би ауылында және 23 723-і ауылдық округтерде тіркелген. Сонымен қатар «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері мен 62 ерікті қатысуда. Ерекше жағдайды қажет ететін сайлаушылар саны – 305-ді құрайды. Оларға 1 сурдо аудармашы және 2 инватакси қызмет көрсетті.