Осынау маңызды науқанда сарысулықтар шет қалмай референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады.

Таңнан бері келіп жатқан халықтың қарасы мол. Тұрғындар еліміздің болашағына бей - жай қарамай кезекпен дауыстарын берді. Мұнда жиналған халық шад - шадыман күй кешіп, тарихи оқиғаға қатысып, өз қолтаңбаларын қалдыруды асыл міндет санайды. Референдум кезінде құқықбұзушылық әрекеттері орын алмады.