Тараз қаласындағы №50 референдум учаскесінде дауыс беру ұйымдасқан түрде өтуде. Бұл учаскеде 2600-ден астам азамат тіркелген. Дауыс бергендердің қатарында атақты кардиохирург Сейітхан Жошыбаев та бар.

«Мықты аймақ – мықты мемлекет» деген мемлекет басшысының ұстанымын алға тартқан дәрігер жастардың болашағы зор екенін айтып, «мен жастарға сенемін» деді. Жалпы, бұл учаскеге келген адамдардың көңіл күйлері жақсы. Ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады.