Кеше ел үшін маңызды күн болды. Республикалық референдумда Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Дауыс беруге тұрғындар белсенді қатысты.
Жастар жағы референдум учаскелеріне топ-топ боп келді. Мәселен Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде студенттер дауыс беру үшін кезекке тұрды. Маңызды күнде жас жұбайлар да өздері үшін маңызды таңдауын жасады.