14 наурыз жамбылдықтар Көрісу күнін атап өтті. Жер бетіндегі тіршілік атаулы жаңаратын осы кезеңді халқымыз «Амал мерекесі» деп те атайды. Атаулы күнге орай, қалалық мәдениет үйінің алдында мерекелік іс-шара өтіп, ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталды. Әулиеата аспанында әсем ән қалықтады.

Іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты. Амал мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады. Мерекеде мәдениет үйінің жастар театры мен «Дулати»халықтық студенттік – жастар театрының бірлескен қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, өнерпаздар әсем әндерді шырқап, мерекенің шырайын келтірді.