Бүгін 16-шы наурыз дүйсенбі күллі мұсылман баласы мың айдан да қайырлы Қадыр түнін қарсы алады. Мұсылман қауымы үшін жылына бір рет келетін рамазан айы екі дүниенің қайыры болса, осы отыз күн оразада асыға күтетіні - Қадыр түні. Қасиетті түнге орай облыстың барлық мешіттері ашық болады. Тағылымы мол іс – шараларға кезек беріліп, қайырымдылықтар ұйымдастырылмақшы.

Бұл түн мұсылман баласы үшін үлкен мүмкіндік. Бойды тазалап, сосын ойды тазалап, игі амалдарға ұмтылып, жақсы, қайырлы амал жасау, тәубеге келіп, құдайға құлшылық ету -абзал. Бұл түні садақа беріп, қайырымдылық жасаудың да сауабы еселене түседі.