Елімізде орта білім беру мектептерінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Прокурордың жас көмекшісі» жобасы жүзеге асырылуда. Мәселен, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл мектеп-гимназиясында аудан прокуратурасының үйлестіруімен дәл осындай сынып ашылды. Мұнда 8–9 сынып оқушылары тіркеліп, жоба бойынша арнайы куәліктер алды.
Прокурордың жас көмекшісі жобасына Мойынқұм ауданының прокуроры мен аудан әкімінің орынбасары және аудандық полиция бөлімінің басшылығы қатысып, жастарға ізгі тілектерін білдірді. Жоба аясында оқушылар ант беріп, «Жас прокурор» куәліктеріне ие болды.