Наурызнаманың онкүндігі аясындағы бесінші күн – Шаңырақ күні. Дәл осы күні отбасы құндылықтарын дәріптеп, татулық пен бірлікті насихаттайтын ерекше мереке.

Тоқтар Әлімбайұлы мен Сапаркүл Тұрғанбайқызының отасқандарына биыл 45 жыл толып отыр. Бүгінде үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, немерелерінің шат күлкісіне бөленіп отырған бақытты ата мен әже.