110-ның жырын айтып, трассаны талқылап «Камералар жұмыс істеп тұр ма, әлде жай ғана ескерту ме?» деген сауалдың жауабы белгілі болды. Тараз – Шымкент ақылы автожолы бойында орташа жылдамдықты өлшейтін жүйе іске қосылып, тәртіп бұзғандарды 23 ақпаннан бастап тіркей бастады. Қаланы қойып, далада тәртіп бұзғандар да аз емес. Аузы күйген үрлеп ішеді әрине. Автобандағы айыппұл мен ереже елемегендердің саны қанша?

Бірақ автобанда асығып,желмен жарысып, уақытқа бағынбай тәртіп бұзғандардың күні бүгінге дейін 21 мың 152 дерегі тіркеліпті. Біз барған трассада да 110-нан асыра жүйткіп, уақытқа бағынбай жүріп, камераға жүз метр жетпей тоқтап тұрған көлікте бар. Кімнің айыппұл арқалағысы келет дейсіз?,,,...Ал жолдағы бақылау камералары барлық талаптарға сай тексерістен өтті дейді Қазавтжол өкілдері.