Салт-дәстүрді бүлдіршіндердің бойына балабақшадан бастап сіңіру қажет. 16 наурыз мәдениет және салт-дәстүр күнінде балақайлар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұмыт болған ғұрыптардан қойылым қойды. Бүлдіршіндер қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты.
16 наурыз мәдениет және салт-дәстүр күнін балабақшадағы бүлдіршіндер де атап өтті. Балақайлар сахналық қойылым арқылы бірнеше жөн-жоралғылар мен ұмыт болған әдет-ғұрыптарды көрсетті. Соның бірі «Танабау тағу» дәстүрін ұсынды. Ата-анасына қолғабыс тигізіп, еңбекке араласа бастаған балаға жақындарының арнайы тана, шыт немесе ақша тағу салты.