180 домбырашы бір мезетте күй орындады. Бүгін Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында осындай ерекше челенджі өтті.
Білім ұясында челенджден бөлек «100 әже халық әндерінен» попури айтты. Наурыз мерекесі қарсаңыңда ұйымдастырылған іс – шарада ақ шаңқан киіз үй тігіліп, тал – дарақтар отырғызылды.