Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың қатысуымен GPA 3,33 баллдан жоғары нәтиже көрсетіп, конкрустық рәсімдерден өтпей тікелей жұмысқа қабылданған жас педагогтармен ашық диалог алаңы өтті. Онда аудандық-қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен 100 ден астам жас мамандар қатысты.
Жас педагогтардың басын қосқан бүгінгі ашық алаңның маңызы жоғары, бәсі бөлек. Олай дейтініміз мұнда GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсетіп, конкруссыз жұмысқа қабылданған жас мамандар жиылған. Енді оларды қолдау, сапалы кадырлық әлеуетті қалыптастыруға және өңірдегі білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.