Тараздықтар Көрісу күнін атап өтті. Жер бетіндегі тіршілік атаулы жаңаратын осы кезеңді халқымыз «Амал мерекесі» деп те атайды. Атаулы күнге орай, орталықта мерекелік іс-шара өтіп, ұлттық салт-дәстүріміз ұлықталды. Әулиеата аспанында әсем ән қалықтады.
Көрісу күні- адамдардың бір-біріне деген құрметі мен мейірімін білдіретін ерекше мереке. Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халық бір-бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектерін жеткізген. Бұл – тек қазақ халқына тән ерекше дәстүр, нағыз бірліктің, татулықтың белгісі.