Биыл көктем кеш шықты. Әйтсе де көктемнің әрбір күні жылға азық екенін жақсы түсінетін дала еңбеккерлері жер жырту, егін егу сияқты дүбірлі жұмыстарға сақадай-сай әзірлікпен келіп отыр.

Негізінен көкөніспен айналысатын Қордай ауданы Масаншы ауылының тұрғындары биыл да егістік саласыфндағы еңбектерін еселей түспекші. Жаздық өнімдерін қыстай сақтап, көктемге дейін дәрумендерін өткізетін бұл өңірде қойма мәселесі де түпкілікті шешімін тапқан.