Қазақ күйлері заманауи форматқа көшірілуде. Күй үйренемін десеңіз да цифрлы формат тамаша мүмкіндік. Айта кетерлігі мұндай жаңашылдықты мектеп оқушылары қолға алған.
Білім ошағында түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыс істейді. Мәселен, «Жас ғалымдар» клубының мүшесі - қазақ күйлерін жинақтап, оларды заманауи, оңай үйренуге болатын форматқа айналдырып, «Сарын веб хостингі» жобасын жасады. Бұл жоба ұлттық өнерімізді цифрлық кеңістікке шығарып, дәстүр мен технологияны бір арнаға тоғыстырған ерекше бастама.