№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының зағип және көру қабілеті төмен оқушылармен «Инклюзивті ассамблея» жобасы аясында «Ұлттық спорт- ұрпаққа аманат» атты спартакиада өтті. Шара облысымызда өтіп жатқан наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр.
Ғасырлар бойғы салт-сана мен дәстүрлі ғұрыпты сақтай білу, қазіргі жастар арасында ата-баба мұрасына немқұрайлы қарамау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Бүгінгі өтіп жатқан шараның да көздегені ұлттық спорт түрлерін насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру және мәдени мұраны құремттеуге баулу.