Отан қорғау жолында жүрген әскери қызметшілер де референдумнан қалыс қалмады. Елдімекендерден алыс орналасқан әскери бөлімдер үшін жабық сайлау учаскелері ұйымдастырылды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің сарбаздары өз бөлімдерінің орналасқан жеріне қарай дауыс берді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде 5 жабық референдум учаскесі жұмыс істеді. Бұл сарбаздарға қызметтен қол үзбей, өз азаматтық парызын орындауға мүмкіндік берді. Жуалы ауданындағы таулы-егерлі полкінде жабық референдум учаскесі таңсәріден бастап жұмысын бастады.

Мұнда сайлаушылар кезегі әліпби ретімен анықталды. Алдымен тегі әліпбидің алғашқы әріптерінен басталатын сарбаздар дауыс берді.