«Наурызнама» онкүндігі аясында мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шаралар легі жалғасуда. Күні кеше тараздықтар ұлттық ойындардан өзара жарысып, «Сырмақ сыры» атты қолөнер фестиваліне қатысты.
Жыл сайын дәстүрге айналған «Ер қаруы – бес қару» фестиваль биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шара барысында садақ ату, асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен тартысты сайыстар өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.