Сондай-ақ облыс орталығында Шаңырақ күнінде ата-аналар форумы өтті. Аталған форумға отбасының ынтымағын сақтап, қоғамға керек саналы азаматтарды тәрбиелеуде елеулі үлес қосып жүрген белсенді ата-аналар шақырылды.
Жаһандану дәуірінде отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңызы артып келеді. Отбасы институтын нығайту – бүгінгі күннің басты талабы. Форум отбасының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша ашық диалог жүргізілетін орынға айналды.