Шаңырақтың берекесі – қариялар. Олар барда отбасында әр күні мереке. 20 жылға жуық ғұмырын ұстаздыққа арнаған Әсел Супабекова осылай дейді. Ата мен әженің тәрбиесімен сусындап өсіп келе жатқан балаларының ұлтжандылық, ізгілік пен парасаттылық секілді адами қасиеттерді сіңіргеніне бек қуанышты.
Әсел тек қазақ тілі пәнінің мұғалімі ғана емес, директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары. Бір басында қызметтік міндет те, жауапкершілік те жетіп артылады. Жұмыстан кеш қайтса да, үйіндегі келіндік қызметті еш ұмытпайды.