Таразда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Серік Томановтың 70 жылдығына арналған «Серік оқулары» қалалық байқауы өтті. Рухани кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы дәріптеліп, оның туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке толы жырлары көрермендерге ұсынылды.
«Серік оқулары» байқауы екі номинациядан тұрды. Алғашқы кезеңде «Көркем сөз шебері» номинациясына үміткер Серік Томанов шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізімін әкеліп алдын ала қазылар алқасына ұсынды. Ұсынылған тізімнен қазылардың нұсқауымен кез келген өлеңді жатқа оқыды. Ал, екінші кезеңінде «Жас ақын» бағыты бойынша жас ақындар Серік Томановқа өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Қатысушылар сол жерде қазылар ұсынған тақырыпқа өлең жазды. Байқау қорытындысы бойынша Облыстық “Серік оқулары” байқауына Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Ордабай Әнел, №55 орта мектептің 8 сынып оқушысы Байбосынова Арайлым, №33 орта мектептің 8 сынып оқушысы Әзімхан Ерсұлтан ұсынылды.