Бүгін Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Наурыз мерекесі өтті. Әз-Наурыздың бастауын бейнелейтін сахналық қойылым көрсетілді. Сән мен салтанаты жарасқан ұлттық құндылықтар ұлықталып, қолөнер туындыларының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Наурыздың ұлықтығын ұғындырып, мәні мен сәнін келтіретін іс-шара мереке шырайын аша түсті. Жыл басы саналатын Наурызда қыдыр дарысын деген ниетпен Қыдыр ата батасын беріп, күн мен түннің теңелуі, жыл атаулары бәрі тоғысқан бір сахналық қойылымда.