Жаңа конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа салтанатты түрде қол қойды. Әуелі орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның қорытындысын жариялады. Одан кейін президент, жарлыққа қол қойып, референдумге атсалысқан азаматтарға алғысы мен ризашылығын білдірді. Ал, Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі. Мемлекет басшысы конституцияның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастап, кейін жан-жақты талқыланып, зерделеніп жазылған, табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.