Наурыз мерекесі қарсаңында «Шу – Тараз» бағытында қосымша электр пойызы іске қосылады. Пойыз 2026 жылғы 21 мен 30- шы наурыз арасында қатынайды.
Наурыз мерекесі қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6975/6976 «Шу – Тараз» бағытында қосымша электр пойызды іске қосты. Бұл мереке күндері жолаушыларды теміржол көлігімен толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қозғалыс кестесі Шу станциясынан жөнелту уақыты таңғы 05:00-де, Тараз станциясына келу уақыты 08:41. Кері бағытта Тараз станциясынан жөнелту уақыты 12:40 болса, Шу станциясына келу 16:22-де. Электр пойыз құрамы 2 және 3 класты 4 вагоннан тұрады.