Жамбыл ауданында қуанышты жаңалық.Наурыз мерекесі қарсанында Аса ауылында жаңа тұрғын үйлердің кілттері тұрғындарға табысталды. Бұл – мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асқан маңызды жоба.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді. Содан -соң, Аса ауылы Жаңа құрылыс көшесінде орналасқан бір және үш бөлмелі төрт баспананың кілттерін бірнеше жыл үй кезегінде тұрған жандарға берді.