Наурызнаманың бесінші күні – Шаңырақ күніне орай Меркі аудандық орталық көпбейінді аурухананың перзентханасында тағылымы мол, мазмұнды іс-шара өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген басқосу жаңа өмірдің бастауы саналатын қасиетті шаңырақтың мәнін айшықтай түсті.
Шараға ауданның ақсақалдары қатысты. Қонақтарды аурухананың бас дәрігері қарсы алып, Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған ұлттық нақыштағы көрмелерді таныстырды. Көрмеде қазақы тұрмыстың мәнін ашатын жәдігерлер мен салт-дәстүрге қатысты бұйымдар қойылып, келгендерге ерекше әсер сыйлады.