Жаңа конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа салтанатты түрде қол қойып, референдумге атсалысқан азаматтарға алғысы мен ризашылығын білдірді. Ал, Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі.

Жаңа Конституция тұғырға қонды. Тарихи құжат жарлықпен қуатталды. Бұл әділдіктің, теңдіктің темірқазығы. Халық конституциясын референдум арқылы қабылдаған халықтың өзіне президент алғысын білдірді.