Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Мәселен, 2026 жылдың 1–15 наурызы аралығында облыс аумағында 27 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның 10-ы қылмыс, ал 17-сі қылмыстық теріс қылық санатына жатады.
Жалпы, жыл басынан бері 120 есірткі құқық бұзушылығы тіркелген. Оның ішінде 50 қылмыс және 70 қылмыстық теріс қылық бар. Заңсыз айналымнан 230 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 225 келіден астам кептірілген марихуана, 3,6 келі гашиш және 1,4 келі синтетикалық есірткі бар. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. Күдіктілерден 112 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткі заттарын өсіру және дайындаумен айналысқан екі фитозертхананы анықтап, олардың қызметін тоқтатты.