«Конституциялық жаңғыру: референдумнан кейінгі диалог». Бүгін осы тақырыпта өткен конференцияда депутаттар мен заңгер-ғалымдар Референдум қорытындысын сараптап, жаңа Ата заңның ережелерін іске асыру жолдарын талқылады. Ойларын ортаға салған спикерлер саяси-құқықтық жүйені жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын айтты. Халықаралық конференцияға онлайн қосылған шетелдік сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституциясы заман ағымына сай қабылданғанын жеткізді. Билік тармақтарының тепе-теңдігі, цифрландыру дәуіріндегі құқықтардың қорғалуы, адам капиталы құндылығын арттыруға бағытталғанына оң көзқарастарын білдірді.