Бүгін қаладағы қарашадан бөлек, ауылдағы ағайын қазақи киімдерін киіп, бір сапқа бой түзеді.Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Меркі және Жамбыл аудандарында кең көлемді «Ұлттық киім шеруі» ұйымдастырылды. Іс-шараларға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындар қатысып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, дәстүрге деген құрметтерін көрсетті.
Шеру орталық көше мен стадионнан басталып, мәдениет үйлеріне дейін жалғасып, көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.