18 наурыз Ұлттық киім күнінде ардагерлер де қазақша киімдерін киіп, мерекеден тыс қалмады.Тараз қаласындағы орталық саябақта шеруге шыққан ата-әжелер ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі ұлттық киім үлгілерін көрсетті.

Сәні мен салтанаты жарасқан, ою-өрнегі қабысқан тымақ, шапан, тақияны қазір жұрт той-думан ғана емес, күнделікті тұрмыста да киіп жүр. Қалыпты үрдіске айналды. Ұлттық киімді қазір заманауи үлгіде бәрі жаппай киеді. Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдениетін танытуға мүмкіндік береді. Наурызнаманың онкүндігі қарсаңында ұйымдастырылған бұл іс-шара – салт-дәстүр, мәдениетімізді ұлықтау.