Жамбылдық 18 жасар айтыскер қыз ұлттық киімдер тігіп, айына 500 мың теңге табыс табады.Өзінің сахналық костюмдерін тігіуді 1 жыл бұрын бастаған.Сондай-ақ, әріптестеріне де қазақы нақыштағы киімдерді тігіп береді.

Жанерке Қамбар бұл істі қолға алғанына 1 жыл болған. Айтысқа шығатын ару алғашында өзінің сахналық киімдерін тігіуді бастаған.Уақыт өте келе сұранысқа қарай киім түрлерін көбейткен.1курс оқитын айтыскер қыздың қолынан шыққан туындылары қарапайымдылық пен заманауи үйлесім тапқан.Бүгінде бойжеткен жалға дүңгіршек алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.Айына 100-200 мың теңге көлемінде табыс табады.Табысы тапсырыс артып, сұраныс болған жағдайда 500 мың теңгеге дейін.