Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын- алу қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан облыста осы бағытта бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда.Дегенмен,жас жеткіншектер арасыдағы қылмыс 44 пайызға өскен. Бұл мәселе бүгін арнайы комиссия отырысында талқыланып, жауапты мамандарға жұмысты ширату тапсырылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын- алудың негізгі аспектілерінің бірі-сапалы білім. Сонымен қатар, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау. Қабілетіне қарай түрлі дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету. Десе де, қазір қоғамда жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыс саны едәуір артқандығы байқалуда.