Қазір әскердегі сарбаздар қолына қалам алып хат жаза бермейді. Себебі, оларға қазір смартфон арқылы байланысқа шығуға рұқсат беріледі. Уақытпен келген мүмкіндік «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде «Отбасымен бейне қоңырау» деп аталатын жоба арқылы жүзеге асуда.
Наурыз мейрамы қарсаңында отбасына қоңырау шалу тіпті ерекше әсер сыйлауда. Апта бойы арнайы жәшікте сақталған ұялы телефондар иелеріне қайтарылады. Қалтафон экранынан жақындарының жүзін көрген әскери бөліише шағын мерекеге айналады. Ата-аналар мен сарбаздар үшін бұл – ең маңызды сәт. Бейнебайланыс арақашықтықты жақындатып, сарбаздарға туған-туыстарын бұрынғыдан да жақын сезінуге мүмкіндік береді. Осындай сәттер әскери қызметшілердің санасына серпіліс беріп, отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға жігерлендіреді.