Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары биыл дрондар шығарамыз деп отыр. Пилотсыз ұшу аппараттарын ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында және төтенше жағдай кезінде қолданылмақ. Бүгін Президент оқу орнының ғылыми әлеуетімен танысты. Қазір университетте жаңадан ашылған Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы жұмыс істеп тұр.