Үстіміздегі жылдың екі айында кәмілетке толмаған жастар арасында ерте жүктілікпен 27 жасөспірім тіркелген. Бұл туралы «АМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысында айтылды.
Алқалы жиында бұдан бөлек жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау, құқықбұзушылық фактілерінің жиілеуі және оның алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы қаралды.