Бүгін Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда аймақтағы ветеринариялық ахуал жайы сөз болды. Кезекті кеңеске дайындықсыз келген аталған басқарманың басшысы кеңес мүшелері тарапынан ескерту естіді.
Есепті тыңдау барысында басқарма басшысының бағдарламалардың орындалуы, жүргізілген мониторинг нәтижелері және атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі жөнінде баяндамасы тыңдалды.