Шаһардағы басты Төле би даңғылының бойы қызғалдақпен көмкерілді. Құшаққа сыймайтын гүлдер саны жүздеген емес, мыңдаған дананы құрайды. Қызығы бұл жауқазын 2-3 апта ғана гүлдемейді. Екі –үші айлап гүлдеп, тіпті керек десеңіз түнгі уақытта түрлі- түсті күйге енеді.

Бұл алқап тек мереке күндері ғана жайқалады. Ал, қалған уақытта жиналып, қоймада сақталады. Бірақ бұл гүлдерді бірнеше жылдап қала сәнін келтіру үшін қолдануға болады, -дейді жұмысқа жауаптылар.