Наурыз мерекесі қарсаңында Шу ауданында «Наурыз: дәстүр мен жаңарудың үндесуі» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күнін дәріптеуге бағытталған жиынға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше мән берді.

Білім ошағындағы Наурыз ерекше мерекелік атмосфераға қалыптасты. Ұлттық киім киген оқушылар, әсем безендірілген этно-бұрыштар ұлық мерекенің шынайы келбетін айшықтады. Сахналық қойылым көпшілікке ұсынылып, концерттік бағдарлама аясында ән мен би паш етілді.