Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы енді кемінде үш жыл сайын өсіп отырмақ. Жалпы бұған дейін елмен етене жұмыс істейтін мамандардың айлығы мардымсыз екені жиі айтылатын. Тіпті соның салдарынан салада кадр тапшылығы бар екені белгілі. Енді осы олқылықтың орны толады. Бүгін мәжіліс «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бүгін жаңа Ата заң қабылданғаннан кейінгі мәжілістің алғашқы жиыны. Ұлттық киім күнімен тұспа-тұс келген отырысқа депутаттарда ерекше әзірленіп келген. Қазақы шапан, түрлі әшекей-бұйымдар.