Бүгін жаңару күні. Бұл күні табиғат қайта түлеп, тіршілік оянады. Дәстүр бойынша, ағаш пен гүл егіліп, айнала ретке келтіріледі. Осы игі үрдіс өңірде де жалғасын тапты. Әулиеата ауданына қарасты «Ұлы Дала» мөлтек ауданында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 100 түп ағаш отырғызылды.

Көгалдандыру жұмысы аясында алма, шие, шабдалы секілді жеміс ағаштарымен қатар, қала көркін айшықтайтын сәндік көшеттер егілді. Бұл бастаманы Әулиеата ауданының әкімдігі мен ақсақалдар алқасы бірлесе ұйымдастырды.