Наурызнаманың онкүндігі аясындағы 19 наурыз – Жаңару күні Меркі ауданында тағылымы терең, мазмұны бай тағылымды іс-шарамен ерекшеленді. Аудан орталығында орналасқан «Үміт» оқушылар сарайында ұйымдастырылған көрмеде дарынды оқушылардың робототехника, трансформация және мультипликация бағыттары бойынша үздік жобалары көпшілік назарына ұсынылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Аталған игі шараға аудан көлеміндегі бірқатар білім беру мекемелері белсене қатысып, өз шәкірттерінің тың бастамалары мен креативті жұмыстарын көпшілікке кеңінен таныстырды. Көрмеге ұсынылған жобалар қатарында аудандық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушылардың үздік еңбектері де орын алды.